Алматы облысында Lay’s қытырлақтарын шығаратын PepsiCo компаниясы зауытының құрылысы жүріп жатыр. Жұмысшылардың бірі зауыт басшылығының заңсыз әрекетін жайып салды. Оның айтуынша, «Нак» Нұр Астана Құрылыс компаниясы» құрылыс қалдықтарын жоймай, жерді қазып көміп тастап жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.
Автор видео жариялап, өзінің осы заңсыздықты ашқаны үшін жұмыстан қуылатынын да айтты. Бейнежазбада КамАЗ көлігі әртүрлі ерімейтін, шірімейтін қоқысты тиеп әкеліп, қазылған шұңқырға төгіп жатыр, содан кейін ол жер тегістеліп, ештеңе болмағандай бәз баяғы қалпына келтіріледі.
«Зауыттан шыққан қоқыс. Пакеттер. Шіріп жерге сіңіп кететін де нәрсе емес. Осы шұңқырға әкеп төгеді, сосын бетін тегістеп жауып тастайды. «НАК» Нұр Астана Құрылыс» салып жатқан, «прораб» Ержігіт деген адам жасатып жатыр. Өзі жамағатқа сыйлы, жұмаға барып жүрген адам. Ынтымақ ауылындағы жағдай, қазіргі Алатау қаласы. Мені осы үшін жұмыстан шығарып жібереді, кепілдік берем, бірақ айтпасқа болмады, жүрекке тыныштық жоқ. Өзің жеріңді өзің ластағанға кінәлі сезінесің, шара қолдансаңыздар»,- деді жұмысшы.
Еске салайық, Lay’s қытырлақтарын шығаратын зауытың құрылысы 2024 жылы басталған. Биыл наурызда іске қосу жоспарланған. Құрылысқа мыңдаған жұмысшы тартылған.
Фото: скринView this post on Instagram




