Қарттары қараусыз қалған Қызылжар: СҚО—да зейнеткер үсіп өлді
Петропавлда зейнеткер үйінен шығып, жоғалып кеткеннен кейін үсіп қалды. Бұл осы қыста аймақта екінші рет орын алып отырған оқиға, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Белгілі болғандай, 73 жастағы әйел 16 ақпанда үйінен шығып, қайта оралмаған. Бейресми мәлімет бойынша,

Петропавлда зейнеткер үйінен шығып, жоғалып кеткеннен кейін үсіп қалды. Бұл осы қыста аймақта екінші рет орын алып отырған оқиға, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, 73 жастағы әйел 16 ақпанда үйінен шығып, қайта оралмаған. Бейресми мәлімет бойынша, ол есте сақтау қабілетінің бұзылуынан зардап шеккен және бұған дейін де адасып кеткен жағдайлары болған. Бұл жолы оқиға қайғылы аяқталды.
Әйелдің денесі айналма жол маңынан табылған. Сараптама қорытындысына сәйкес, өлім себебі – ағзаның жалпы қатты тоңуы (гипотермия).
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері атқарылуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Бұған дейін де осындай жағдайда тағы бір зейнеткер көз жұмған. 14 қаңтар күні 75 жастағы қала тұрғыны үйіне жақын орналасқан емханаға шығып, қайта оралмаған. 15 қаңтар күні таңертең учаскелік инспектор оны медициналық мекеме маңындағы шаруашылық ғимаратының жанындағы адам аз жүретін аумақтан тапқан. Әйел ауыр халде жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылғанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Похожие материалы

Новости
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·