Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Отбасында жалғыз ұл: Сорбұлақ маңында жоғалған тікұшақтағы қызметкерлер кімдер

Фото: Sputnik.kz Алматы облысындағы Сорбұлақ көлі маңында жоғалып кеткен әскери тікұшақтың экипаж мүшелерін іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Іздеу-құтқару шараларына бірнеше мекеме жұмылдырылған,деп хабарлайды Todayinfo . Із-түзсіз кеткен экипаж мүшелерінің бірі – Павлодар облыс

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Отбасында жалғыз ұл: Сорбұлақ маңында жоғалған тікұшақтағы қызметкерлер кімдер
Фото: Sputnik.kz Алматы облысындағы Сорбұлақ көлі маңында жоғалып кеткен әскери тікұшақтың экипаж мүшелерін іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Іздеу-құтқару шараларына бірнеше мекеме жұмылдырылған,деп хабарлайды Todayinfo. Із-түзсіз кеткен экипаж мүшелерінің бірі – Павлодар облысының тумасы Бахтияр Ержігітов. Оның әскери салада еңбек етіп келе жатқанына 15 жылдан асты. Бұл туралы оның әпкесі Аймереке Бегімова мәлімдеді.
«11-сыныпты аяқтаған соң Ақтөбедегі әскери училищеге оқуға түсті. Қазір 32 жаста. Оқу бітірген соң өз мамандығы бойынша бортинженер болып қызмет етіп келеді», – деді әпкесі.
Бахтияр – отбасындағы жалғыз ұл. Жұбайымен бірге төрт жасар ұлы мен екі жасар қызын тәрбиелеп отыр. Қазіргі таңда туыстары оны күн-түн демей іздеп жатыр. Жоғалған тікұшақ бортында болған өзге екі әскери қызметкер – Аман Амангелді мен Нұржігіт Үйсінбаев. Үшеуі де Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан бір әскери бөлімде қызмет етеді. Іздеу жұмыстарының нәтижелері туралы ресми мәлімет әзірге жарияланған жоқ.  

Похожие материалы

Отбасында жалғыз ұл: Сорбұлақ маңында жоғалған тікұшақтағы қызметкерлер кімдер · Todayinfo