Отбасындағы ойран: Енесін өлтірген келін етінен манты жасап, оны көршілеріне таратқан
Фото: upl.uz Өзбекстанда жылдар бойы жалғасқан отбасылық жанжал ақыры қанды қылмысқа ұласты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Millar басылымының хабарлауынша, келін мен ене арасындағы ұзаққа созылған араздық пен өзара қызғаныш қайғылы жағдаймен аяқталған. Тергеу мәл

Фото: upl.uz
Өзбекстанда жылдар бойы жалғасқан отбасылық жанжал ақыры қанды қылмысқа ұласты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Millar басылымының хабарлауынша, келін мен ене арасындағы ұзаққа созылған араздық пен өзара қызғаныш қайғылы жағдаймен аяқталған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, тұрмыстық кикілжің кезінде келін ашуға беріліп, енесіне пышақ жарақатын салған. Әйел алған жарақатынан сол жерде көз жұмған.
Қылмысын жасыру мақсатында келін мәйітті бөлшектеп, аулаға көмген. Оқиға туралы күйеуі білген сәтте ол әйеліне қарсы шығып, жағдайдың мән-жайын анықтағысы келген, алайда келін өз күйеуін де өлтіріп тынған. Осыдан кейін ол ештеңе болмағандай қалып танытып, асүйге барып манты пісіріп, тіпті оны көршілеріне таратқан. Тергеушілердің пайымдауынша, ол бұл әрекеті арқылы айналасындағылардың күдігін сейілтпек болған.
Бірақ көп ұзамай қылмыс ашылып, келін ұсталды. Сот оның кінәсін толық дәлелдеп, 12 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Похожие материалы

Мир
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

Мир
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

Мир
США и Иран достигли принципиального соглашения по Ормузскому проливу: NYT
Todayinfo редакциясы·

Мир
Решение по Ирану: Трамп назвал срок возобновления военных действий
Todayinfo редакциясы·