Todayinfo.kz
СобытияСмотреть все материалы

БҚО-да университеттің ректоры ұсталды

Қылмыстық қудалауды ҰҚК БҚО департаменті Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр.

Автор Айдар Керім··1 мин чтения
БҚО-да университеттің ректоры ұсталды
📷 Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Нұрлан Серғалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Оның ұсталғаны туралы облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі, заңгер Бауыржан Ахметжан Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның мәліметінше, ректордың ұсталғаны туралы ақпаратты университет қызметкерлері жеткізген.

«Махамбет Өтемісұлы атындағы университетте қызмет атқаратын қызметкерлердің хабарлауы бойынша, бүгін университет ректоры Нұрлан Серғалиев лауазымдық міндетін асыра пайдалану фактісі бойынша ұсталып, жұмыс орны бойынша тінту жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық іс туралы қосымша хабарлаймын», - деп жазды Бауыржан Ахметжан.

Оның айтуынша, қылмыстық қудалауды ҰҚК БҚО департаменті Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр.

Нұрлан Серғалиев сондай-ақ облыстық мәслихаттың депутаты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен университет тарапынан әзірге ресми түсініктеме берілген жоқ.

Дереккөз: politico.kz

Похожие материалы

БҚО-да университеттің ректоры ұсталды · Todayinfo