Todayinfo.kz
Общество

«Отқа табынушылардан қалған»: Наурыз бен мемлекеттік мерекелерге қарсы шыққан сақалды діңкеш қамауға алынды

Фото: видеодан кадр Әлеуметтік желіде Наурыз мерекесін «қазақтың мейрамы емес» деген Ербол Рүстемұлының үстінен діни араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Бұған дейін Ербол Рүстемұлының бейнежазбасы желі қолданушы

Автор Әмірболат Құсайынұлы··1 мин чтения
«Отқа табынушылардан қалған»: Наурыз бен мемлекеттік мерекелерге қарсы шыққан сақалды діңкеш қамауға алынды
Фото: видеодан кадр
Әлеуметтік желіде Наурыз мерекесін «қазақтың мейрамы емес» деген Ербол Рүстемұлының үстінен діни араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Бұған дейін Ербол Рүстемұлының бейнежазбасы желі қолданушыларының наразылығын туғызған еді. Полиция оның қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.
«Жедел іс-шаралар барысында 1991 жылы туған К. есімді азамат анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деп жауап берді ІІМ.
Желі қолданушылары оны Наурыз мерекесін қазаққа «жат» дегені үшін сөккен еді.
«Одан да Айтты сөйтіп тойламадыңдар ма? Киіз үйді, қазан-ошақты Айт кезінде көтеру керек еді. Отқа, күнге табынатындардың мейрамы қазаққа жат. Наурыз деген сөздің өзі қазақтың сөзі емес. Иманы кәміл, діни сенімі мықты адамдар бұл мерекені тойламайды», — деген еді Ербол Рүстемұлы.

Похожие материалы