Париж Олимпиадасына қандай спорт түрлерінен жолдамалар сарапқа салынады?
2024 жылғы Париж Олимпиадасына қазақстандықтардың қатысуымен өтетін қандай спорт түрлерінен жолдамалар сарапқа салынатыны белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo .kz Kazinform -ға сілтеме беріп. Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, бүгінде Индонезия астанасы Джакарта қаласы

2024 жылғы Париж Олимпиадасына қазақстандықтардың қатысуымен өтетін қандай спорт түрлерінен жолдамалар сарапқа салынатыны белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo .kz Kazinform-ға сілтеме беріп.
Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, бүгінде Индонезия астанасы Джакарта қаласында нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлықтық дода 18 қаңтарға дейін созылады.
Ал 12-22 қаңтар аралығында Кувейттің Эль-Кувейт қаласында стенд атудан Азия чемпионатында алдағы Жазғы Олимпиадаға жолдама беріледі.
Сондай-ақ 20 қаңтарда WA нормативі бойынша спорттық жүруден Түркияның ашық чемпионаты жалауын көтерсе, 27 қаңтарда Астана қаласында Әмин Тұяқов жүлдесіне арналған әлемдік турнир болады.
Португалияның Одивалос қаласында 26-28 қаңтар аралығында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында рейтингтік ұпай берілетін «Grand Prix Portugal» турнирі өтеді.
Семсерлесу шеберлері 12-24 қаңтар аралығында Тунисте қылыштасудан бәсекеге түссе, 29-31 қаңтар аралығында Катар астанасы Доха қаласында семсерлесуден гран-при өтеді.
Todayinfo .kz
Похожие материалы

Новости
Қазақстандық аграршылар табысы жоғары дақылдарға басымдық беріп отыр
Айғаным Нариманова·

Новости
Танымал журналист Мемлекет басшысының жетістіктерін атап өтті
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты бірінші сот отырысы кейінге қалдырылды
Айғаным Нариманова·

Новости
Добывали песок со дна Тобола на 719 млн тенге: дело передали в суд
Жаннұр Еділбаева·