“Лувр – мәдениетіміздің бір бөлігі әрі бүкіл әлемге әйгілі символ. Француз тәжінің зергерлік бұйымдарының ұрлануы еліміз үшін ауыр қорлық. Мемлекеттің әлсіреуі қай шекке дейін жетеді?” – деп жазды ол X (бұрынғы Twitter) желісінде.
Парижде бүкіл әлемге әйгілі Лувр мұражайын 7 минутта тонап кетті
Фото: abcnews.go.com Парижде әлемге әйгілі Лувр мұражайын тонап кетті. Оқиға 19 қазан күні таңертең болған, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Мәліметке сәйкес, қарақшылар қылмыс орнына скутермен келген. Олар сыртқы жүк лифті арқылы терезеле

Фото: abcnews.go.com
Парижде әлемге әйгілі Лувр мұражайын тонап кетті. Оқиға 19 қазан күні таңертең болған, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Мәліметке сәйкес, қарақшылар қылмыс орнына скутермен келген. Олар сыртқы жүк лифті арқылы терезелерге көтеріліп, әйнектерді сындырған. Мұражайға кірген соң, Наполеон мен Жозефина патщайымға тиесілі асыл тастарды ұрлап, ізін суытқан.
Le Parisien басылымының мәліметінше, барлығы тоғыз зергерлік бұйым ұрланған. Оның екеуі, соның ішінде патшайымның тәжi кейін табылған. Ал әйгілі “Регент” (140 караттан астам) және “Санси” алмастары қолды болмаған.
Францияның ішкі істер министрі Лоран Нуньес ұрланған заттарды елдің мәдени және “баға жетпес мұрасы” деп атады. Оның айтуынша, ұрлық бар-жоғы жеті минутта жүзеге асқан. Ал қылмысты “өте тәжірибелі” топ алдын ала зерттеп, жоспарлы түрде орындаған.
Лувр әкімшілігі мұражайдың бір күнге жабылатынын мәлімдеді.
Франциядағы оңшыл саясаткер Жордан Барделла бұл оқиғаны “ұлт үшін төзгісіз масқара” деп атады.
Похожие материалы

Мир
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

Мир
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

Мир
США и Иран достигли принципиального соглашения по Ормузскому проливу: NYT
Todayinfo редакциясы·

Мир
Решение по Ирану: Трамп назвал срок возобновления военных действий
Todayinfo редакциясы·