Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Павлодар облысы су тасқыны кезеңіне дайындалуда: жолдар мен инфрақұрылым бақылауда

Павлодар облысында республикалық маңызы бар автожолдарда су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда. Өңірде 592 су өткізу құбыры бар. Бүгінде олардың барлығы қар мен қоқыстан тазартылып, еріген сулардың кедергісіз өтуі үшін арналар ашылды. Сондай-ақ 38 көпір құрылысы, оның

Автор Жаннұр Еділбаева··2 мин чтения
Павлодар облысы су тасқыны кезеңіне дайындалуда: жолдар мен инфрақұрылым бақылауда
Павлодар облысында республикалық маңызы бар автожолдарда су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда. Өңірде 592 су өткізу құбыры бар. Бүгінде олардың барлығы қар мен қоқыстан тазартылып, еріген сулардың кедергісіз өтуі үшін арналар ашылды. Сондай-ақ 38 көпір құрылысы, оның ішінде өзендер арқылы өтетін көпірлер, теміржол өткелдері мен жолүстілік өткелдер штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мердігер ұйымдар қиыршық тас пен құм сияқты инертті материалдарды алдын ала дайындауда. Еріген сулардың тасып кету қаупі бар учаскелерде тұрақты мониторинг жүргізілуде. Дайындық барысын Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының Павлодар филиалың мамандары бақылауда ұстап отыр. Орталықтың инженері Қуат Нұрмағамбетовтің айтуынша, республикалық маңызы бар барлық жолдар тексеріліп, су өткізу құбырлары толықтай көктемгі кезеңге дайын. Сонымен қатар жол бойындағы инфрақұрылым нысандары да тексерілді. Облыс бойынша 11 жылы санитарлық-гигиеналық торап бар, оның 10-ы жұмыс істеп тұр. Павлодар – Шарбақты автожолындағы бір нысан әлі пайдалануға берілмеген. Бұдан бөлек, жол бойында орналасқан 205 суық дәретхана жұмыс істеп тұр. Айта кетсек, 2026 жылы Павлодар облысында 107 жоба бойынша жол-құрылыс жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде республикалық желіде – 7 жоба, жергілікті желіде – 35 жоба, көше-жол желісінде – 65 жоба. Жаңа маусымда барлық жол-құрылыс нысандары Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы мамандарының бақылауында болады.

Похожие материалы

Павлодар облысы су тасқыны кезеңіне дайындалуда: жолдар мен инфрақұрылым бақылауда · Todayinfo