Todayinfo.kz
СобытияСмотреть все материалы

Павлодар облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Фото: Ирбис TV Қайғылы оқиға кеше кешке Тілектес ауылының маңында болған, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Павлодар – Семей автожолында жол апатынан үш адам қаза болды делінген Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде. Қайғылы оқиға 8 қаңтар сағат

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Павлодар облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
Фото: Ирбис TV Қайғылы оқиға кеше кешке Тілектес ауылының маңында болған, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Павлодар – Семей автожолында жол апатынан үш адам қаза болды делінген Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде. Қайғылы оқиға 8 қаңтар сағат 21:00-де "Павлодар-Семей" автожолында Аққулы ауданы Тілектес ауылының маңында болған.
«Kia Sportage автомашинасының жүргізушісі қар жинайтын машинаны басып озған кезде қарсы келе жатқан КАМАЗ автомашинасымен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды», - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Kia көлігіндегі жолаушы ауруханаға жатқызылды. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.

Похожие материалы

Павлодар облысында жол апатынан үш адам көз жұмды · Todayinfo