Павлодар тас жолында 15 жылқы тиелген көлік өртенді
Павлодар облысында тас жолда 15 бас жылқы тиелген жүк көлігі өртенді. Төтенше жағдай 17 қаңтар күні Қалқаман кентіне жақын маңда тіркелген. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жүк көлігі мен ағаш тіркемеден бір мезетте өрт шыққан. Ішінде 15 бас жылқы болған. О

Павлодар облысында тас жолда 15 бас жылқы тиелген жүк көлігі өртенді.
Төтенше жағдай 17 қаңтар күні Қалқаман кентіне жақын маңда тіркелген. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жүк көлігі мен ағаш тіркемеден бір мезетте өрт шыққан. Ішінде 15 бас жылқы болған.
Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндіру бөлімшелері қызыл жалынды жедел ауыздықтап, өрттің әрі қарай таралуына жол бермеді. Құтқарушылардың кәсіби әрі үйлесімді әрекетінің арқасында адамдар да, жануарлар да зардап шеккен жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Мамандар техникалық ақау немесе қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Төтенше жағдайлар қызметі жүргізушілер мен тасымалдаушыларды жол үстіндегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Тексеру нәтижесі алдағы уақытта жарияланады.
Фото: ТЖД
Похожие материалы

Новости
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Новости
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·