Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Павлодарда аңшылар жоғалып кетті: Бірінің мәйіті табылды

Фото: vita Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары Екібастұз ауданындағы Шолақсор көлінде жоғалған аңшылардың бірінің денесін тапты. Екіншісі әлі де іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. 10 қазанда екі адам ГРЭС-1 бағытында аң аулауға шығып, қайтып оралмаға

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Павлодарда аңшылар жоғалып кетті: Бірінің мәйіті табылды
Фото: vita Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары Екібастұз ауданындағы Шолақсор көлінде жоғалған аңшылардың бірінің денесін тапты. Екіншісі әлі де іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. 10 қазанда екі адам ГРЭС-1 бағытында аң аулауға шығып, қайтып оралмаған. Олардың жоғалып кеткені туралы хабарлама тек 17 қазанда түскен.
— Сол күні, сағат 15:29–да, жағадан 15 метр қашықтықта құтқарушылар дрон мен арнайы жабдықтың көмегімен жоғалған адамдардың бірі 1973 жылы туған ер адамның денесін тауып, судан шығарды. Екінші адамды іздеу және құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.
Оған ТЖД құтқарушылар, қызметтік иттері бар кинологтар, полиция, ЖАО, еріктілер жұмылдырылды.

Похожие материалы

Павлодарда аңшылар жоғалып кетті: Бірінің мәйіті табылды · Todayinfo