Павлодарда №11 мектепте болған оқушы мен мұғалім арасындағы жанжалдан кейін баланың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Мұны қалалық білім бөлімі мәлім етті, деп хабарлайды Todayinfo.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға фактісі расталып, ата-ананың әрекетіне байланысты құқық қорғау органдары хаттама толтырған. Іс материалдары сотқа жолданған.
Павлодар облыстық полиция департаменті де бұл жағдай бойынша тексеру жүргізілгенін растады.
Фото: depositphotos«Кәмелетке толмаған баланы дұрыс тәрбиелемеу фактісі бойынша оның заңды өкіліне әкімшілік іс қозғалды. Ал оқушының тәртібі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралады», – деп хабарлады полиция өкілдері.




