Павлодарда тойға келген қонақтар жаппай уланып қалған
Фото: gov.kz Павлодарда Чокин көшесіндегі мейрамханада өткен Қыз Ұзату мен келесі күні ұйымдастырылған тағы бір тойдан кейін қонақтар жаппай уланып қалған. Зардап шеккендерде диарея, құсу және жоғары температура сияқты ортақ симптомдар байқалған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпар

Фото: gov.kz
Павлодарда Чокин көшесіндегі мейрамханада өткен Қыз Ұзату мен келесі күні ұйымдастырылған тағы бір тойдан кейін қонақтар жаппай уланып қалған. Зардап шеккендерде диарея, құсу және жоғары температура сияқты ортақ симптомдар байқалған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Санитарлық қызмет мамандары оқиға орнына барып, сынамалар алған. Зертханалық сараптама нәтижесінде ішек таяқшасы, сальмонелла және алтын стафилококк анықталды. Мамандардың мәліметінше, өнімдердің ластануы тамақты әзірлеу және сақтау кезінде санитариялық талаптардың бұзылуынан, сондай-ақ кір ыдыстар арқылы немесе қызметкерлер тарапынан жеке гигиена ережелерінің сақталмауынан болуы мүмкін.
Полиция 26 жастағы кәсіпкерге қатысты санитарлық ережелерді бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Тергеу бірнеше ай жүргізілгенімен, іс Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған амнистия аясында тоқтатылды.
Сонымен қатар, уланудан зардап шеккендердің материалдық және моральдық зиянды азаматтық тәртіпте өндіру құқығы сақталады.
Похожие материалы

Новости
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Новости
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·