Павлодардағы алаяқтық: Ауған азаматы қазақ болып, миллиондар алып отырған
Павлодар облысында Ауғанстан азаматы жалған құжатпен өзін «қандаспын» деп таныстырып, мемлекеттен 20 миллион теңгеге баспана алған.

Павлодарда Ауғанстан азаматы өзін «қандаспын» деп алдап, мемлекеттен 20 миллион теңгеге пәтер алған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Павлодар облыстық прокуратурасының мәліметінше, шетелдік азамат қоныс аудару бағдарламасына қатысу үшін жалған құжаттарды пайдаланған. Ол осы алаяқтық әрекеті арқылы мемлекет есебінен баспаналы болған.
Нәтижесінде, заңсыз алынған пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сот прокуратураның мүлікті тәркілеу туралы өтінішін толық қанағаттандырды.
Қазіргі уақытта осы іске қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Похожие материалы

Новости
В Семее утонул 8-летний ребенок: спасатели заявили о сорванном предупреждающем знаке
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Балауса Мұздыман кәсіпқой бокстағы 10-жеңісіне қол жеткізді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Көкшетаудағы құрылыс алаңында 18 жастағы жігіт қаза тапты
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Бурабай мен «Семей орманында» өрт шықты
Жаннұр Еділбаева·