Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Перизат Қайрат соттағы соңғы сөзін жабық форматта айтады

Астана қаласының сотында Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша жарыссөз кезеңі жалғасуда. BizBirgemiz қоғамдық қорынан қаражат жымқыру дерегі бойынша 12 жәбірленуші сотта сөз сөйледі, деп хабарлайды  Todayinfo. Сот отырысында төрағалық еткен судья Санжар Каримов келе

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Перизат Қайрат соттағы соңғы сөзін жабық форматта айтады

Астана қаласының сотында Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша жарыссөз кезеңі жалғасуда. BizBirgemiz қоғамдық қорынан қаражат жымқыру дерегі бойынша 12 жәбірленуші сотта сөз сөйледі, деп хабарлайды Todayinfo.

Сот отырысында төрағалық еткен судья Санжар Каримов келесідей мәлімдеді:

«Барлық жәбірленуші сотта өз сөзін айтты. Енді жарыссөзге қатысушылар — айыпталушылар мен олардың қорғаушылары жабық сот отырысында сөз сөйлейтін болады», – деді судья.

Бұл шешімге сәйкес, сот процесінің келесі кезеңіне журналистер мен қоғамдық бақылаушылар қатыса алмайды. Осылайша, соттың соңғы бөлімі жабық режимде өтетін болды.

Похожие материалы

Перизат Қайрат соттағы соңғы сөзін жабық форматта айтады · Todayinfo