Президент Вьетнам Коммунистік партиясы өкілін қабылдады
Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті саяси бюросының мүшесі Нгуен Суан Тхангты қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo. Әңгімелесу барысында мемлекет басшысы бүгінде қазақ-вьетнам қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Президент Вьетнамға жасаға

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті саяси бюросының мүшесі Нгуен Суан Тхангты қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo.
Әңгімелесу барысында мемлекет басшысы бүгінде қазақ-вьетнам қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Президент Вьетнамға жасаған былтырғы ресми сапарын ықыласпен еске алды. Ханой сапары барысында жүргізілген маңызды келіссөздер екіжақты ынтымақтастыққа айтарлықтай серпін берді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Вьетнам – еліміздің Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктесі. Қазақстан сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастарды жан-жақты нығайтуға дайын.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Қазақстан мен Вьетнамның әлеуметтік-экономикалық дамуын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін парламентаралық ынтымақтастықты жандандырудың маңызына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Хо Ши Мин атындағы Ұлттық саясат академиясы арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылғанын құптады. Бұл құжаттың бірлескен ғылыми зерттеулерге тың серпін беретініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты келесі жылы Қазақстанға сапармен келуге шақырды әрі оны Астана халықаралық форумымен орайластыруды ұсынды.
Похожие материалы

Политика
Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президентін І дәрежелі Достық орденімен марапаттады
Айғаным Нариманова·

Политика
Тоқаев пен Кипр президенті екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады
Айғаным Нариманова·

Политика
«Мы являемся друзьями, братьями»: Токаев и Путин провели переговоры в Астане
Айдар Керім·

Политика
АЭС құрылысы: Қазақстан мен Ресей стратегиялық келісімге қол қоймақ
Айғаным Нариманова·