Президент Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды. Облыс әкімінің айтуынша, биылғы бірінші жартыжылдықта өңірге 178 миллиард теңге (өсім – 29,5 пайыз) инвестиция тартылған. 2025-2027 жылдарға

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.
Облыс әкімінің айтуынша, биылғы бірінші жартыжылдықта өңірге 178 миллиард теңге (өсім – 29,5 пайыз) инвестиция тартылған. 2025-2027 жылдарға арналған инвестициялық портфель жасақталып, оған жалпы құны 2,6 триллион теңге болатын 128 жоба енгізілді. Олардың аясында 10,6 мың жұмыс орны ашылады. Атап айтқанда, тау-кен байыту комбинаты, «Қазақстан – Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» индустриалды паркі, жел электр стансаларының зауыты, халықаралық әуежай салынады.
Мемлекет басшысына агроөнеркәсіп кешенінің дамуы туралы мәлімет берілді. Биыл облыста 540 мың тонна қызылша жинау және 78 мың тонна қант өндіру жоспарланып отыр.
Президентке өңірдің көлік-логистикалық және транзиттік әлеуетінің жай-күйі, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, елді мекендерді газбен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымдарды салу және жөндеуден өткізу туралы баяндалды.
Кездесуде туристік салаға баса назар аударылды. Бейбіт Исабаевтың айтуынша, Алакөлдің жағасындағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағы жөндеуден өткен. Өңірде кәріз және электр желілерін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бұдан бөлек, «Балқаш» туристік-рекреациялық аймағының бас жоспары әзірленді. Лепсі ауылы – Балқаш көлі жағалауы автожолы реконструкциядан өтіп, инженерлік инфрақұрылым салу жобасы іске асырылып жатыр. Жыл соңына дейін Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай автожолының құрылысы аяқталады.
Қасым-Жомарт Тоқаев қант өндірісін одан әрі дамытудың, тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз етудің, туристік инфрақұрылымды жетілдірудің және демалушыларға қолайлы жағдай жасаудың маңызына тоқталды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандарының алдағы жылыту маусымына дайындығын бақылауда ұстауды тапсырды.
Похожие материалы

Жетысуская область
109 административных протоколов: на жетысуском побережье Алаколя применяются жесткие меры к лицам, нарушающим правила эксплуатации водного транспорта
Айдар Керім·

Жетысуская область
109 әкімшілік хаттама: Жетісудағы Алакөл жағалауында су көліктерін пайдалану қағидаларын бұзған тұлғаларға қатаң шара қолданылуда
Айдар Керім·

Жетысуская область
Ұлттық домбыра күні: Жетісуда домбырашылар әлемнің 10 елінің музыканттарымен тікелей эфирде бірге «Алқиса» күйін бір мезетте орындады
Жаннұр Еділбаева·

Жетысуская область
В Жетісу участникам конференции, посвящённой обновлённой Конституции, вручили специальное издание Основного Закона страны
Айдар Керім·