Todayinfo.kz
Новости

Прокуратура сот шешімін бұзды: ақтөбелік шенеуніктің ісі қайта қаралады

Ақтөбеде "мемлекеттік жерді алып беремін" деп алаяқтық жасады деп айыпталған шенеунікке шыққан ақтау үкімінің күші жойылды. Іс қайта қаралады.

Автор Мухтар Жексенбаев (журналист)··1 мин чтения
Прокуратура сот шешімін бұзды: ақтөбелік шенеуніктің ісі қайта қаралады

Ақтөбеде мемлекет меншігіндегі жер телімін алып беремін деп уәде еткен қала әкімі аппаратының бұрынғы басшысы Н. Исембайұлына қатысты шығарылған ақтау үкімінің күші жойылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұған дейін, 2025 жылдың 31 наурызында Ақтөбе қаласының №2 соты Исембайұлының іс-әрекетінде алаяқтық қылмысының дәлелденбеуіне байланысты оны кінәсіз деп таныған болатын.

Бұл іс өткен жылы БАҚ пен әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді. Кейбір басылымдар тергеу мен мемлекеттік айыптау тарапынан кемшіліктер жіберілгенін жазып, істі біржақты көрсетуге тырысқан.

Алайда прокуратура органдары жазаның бұлтартпастығы қағидатын негізге алып, ақтау үкімін қайта қарауға қол жеткізді. Нәтижесінде кассациялық саты соты төменгі сатының шешімін бұзды.

Енді іс Ақтөбе облыстық сотында қайта қаралады. Мемлекеттік айыптаушы тағылған айыпты толық көлемде қолдайтынын мәлімдеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы