Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қайырымдылық ақшасына Camry жалдап, Дубайда демалған – Перизат Қайрат жұртты қалай алдады

Bizbergemiz Qazaqstan 2030 қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Перизат Қайраттың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша басты сот процесі жалғасып жатыр. Сотта прокурор Мадина Оразалина айыптау актісін оқып, жиналған қайырымдылық қаржысының нақты қайда жұмсалғанын жария етті,д

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
Қайырымдылық ақшасына Camry жалдап, Дубайда демалған – Перизат Қайрат жұртты қалай алдады
Bizbergemiz Qazaqstan 2030 қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Перизат Қайраттың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша басты сот процесі жалғасып жатыр. Сотта прокурор Мадина Оразалина айыптау актісін оқып, жиналған қайырымдылық қаржысының нақты қайда жұмсалғанын жария етті,деп хабарлайды Todayinfo. 2021 жылғы 28 желтоқсанда Перизат Қайрат реабилитациялық орталық салу үшін жиналған қаражат есебінен Toyota Camry маркалы автокөлікті Capital Rent a Car компаниясынан 600 000 теңгеге жалға алған. Бұл сома ForteBank-тегі қоғамдық бірлестіктің ресми шотынан төленген. Арада үш күн өткенде, 31 желтоқсанда, Қайрат анасы Ғайни Алашбаевамен бірге Дубайға ұшып кеткен. Олар онда 2022 жылғы 13 қаңтарға дейін болып, 1 587 057 теңгені такси, мейрамхана және FlyDubai авиабилеттеріне жұмсаған.
«Бұл қаражаттар қайырымдылық үшін деп алынып, кейін жеке қажетке жұмсалған. Барлық әрекеттер алдын ала келісіп жасалған», – деді прокурор.
Прокуратура мәліметінше, Перизат Қайрат мүгедек балалардың бейнесін пайдаланып, азаматтардың сеніміне кірген. Ол бірқатар компанияларға жалған ұсыныстар жасап, үлкен көлемде қаражат аудартқан: Бірақ бұл қаражаттың ешбірі нақты жобаға жұмсалмаған. Прокурордың айтуынша, бұл ақшалар тек жеке қажеттерге бағытталған. 2023 жылы жазда Перизат Қайрат Central Asia Fest және Алматы Аренадағы "Алматы-Эне" жобасы атты іс-шараларды ұйымдастыратынын мәлімдеген. Бірақ олар өтпеген, ал азаматтар мен компаниялардан 105 144 750 теңге жиналған. Жеке шығындардың ішкі құрылымы:
  • 3 299 000 ₸ – Anel Dent стоматологиясында тіс емдеуге
  • 11 324 000 ₸ – қолма-қол ақшаға айналдырылған
  • 4 692 100 ₸ – үшінші тұлғалардың шотына
  • 9 859 426 ₸ – жеке шоттарға
  • 13 600 000 ₸ – тағы да қолма-қол ақша
Сонымен қатар, заңды табыс көзі болмағанына қарамастан, Алашбаеваның Kaspi bank есепшотына Перизат Қайраттан 37 113 000 теңге аударылған.

Похожие материалы

Қайырымдылық ақшасына Camry жалдап, Дубайда демалған – Перизат Қайрат жұртты қалай алдады · Todayinfo