Todayinfo.kz
Алматинская область

Қаладағы жастар саны 70 мың: атышулы Талғарда жаңа жастар орталығы ашылды

Талғар қаласында жастарға арналған жаңа заманауи орталық ашылды. Бұған дейін облыс әкімдігінің қолдауымен дәл осындай ғимарат Балқаш, Кеген, Райымбек, Қарасай аудандарында бой көтерген. Сондай-ақ Қонаев қаласы мен Іле, Ұйғыр аудандарында коворкинг орталықтар жастар игілігіне қызм

Автор Әмірболат Құсайынұлы··1 мин чтения
Қаладағы жастар саны 70 мың: атышулы Талғарда жаңа жастар орталығы ашылды
Талғар қаласында жастарға арналған жаңа заманауи орталық ашылды. Бұған дейін облыс әкімдігінің қолдауымен дәл осындай ғимарат Балқаш, Кеген, Райымбек, Қарасай аудандарында бой көтерген. Сондай-ақ Қонаев қаласы мен Іле, Ұйғыр аудандарында коворкинг орталықтар жастар игілігіне қызмет етуде, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Талғардағы жаңа нысан – сол жұмыстың заңды жалғасы. Бұл орталық жастардың жан-жақты дамып, жетілуіне, тың идеяларды іске асыруына мүмкіндік береді.
Ғимарат заманауи жиһазбен, құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Орталықта түрлі кездесулер өткізуге арналған мәжіліс залы, шығармашылыққа серпін беретін коворкинг алаңы қарастырылған. Сондай-ақ мейірім мен жанашырлыққа тәрбиелейтін еріктілер клубы жұмыс істейтін болады. Бүгінде Алматы облысында 432 мың жас бар. Оның 70 мыңнан астамы Талғар ауданында тұрады. Оның ішінде 2 мыңға жуығы NEET санатына жатады. Орталық мамандары оларға бағыт-бағдар көрсетіп, қоғаммен етене араласуына жағдай жасайды. Осылайша жаңа орталық жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, болашағының жарқын болуына ықпал етеді.

Похожие материалы