«Қамажай» дүкені алдындағы қанды төбелестің себебі белгілі болды: Шерзат Полаттың өлімі бойынша сотта айыптау актісі оқылды
Шерзат Полаттың өліміне қатысты Талдықорғанда өтіп жатқан негізгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы тарап оқиғаның толық хронологиясын баяндады. Айтуынша, былтыр 3 қазанда Талғар қаласындағы “Қамажай” дүкені алдында болған жанжал кездейсоқ басталғанымен, соңы қайғылы оқиғаға ұ

Шерзат Полаттың өліміне қатысты Талдықорғанда өтіп жатқан негізгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы тарап оқиғаның толық хронологиясын баяндады. Айтуынша, былтыр 3 қазанда Талғар қаласындағы “Қамажай” дүкені алдында болған жанжал кездейсоқ басталғанымен, соңы қайғылы оқиғаға ұласқан, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
2023 жылдың 3 қазанында түнгі сағат 23:22-де сотталушы Әскентай мас күйде «Қамажай» дүкеніне кіріп, үш бөтелке сыра мен төрт қорап темекі алған. Ақшаны өзі емес, кәмелетке толмаған танысы Асқарбектен аудартқан. Чекті көрсетіп, тағы да қолма-қол 1000 теңге беріп, сатушы Нұрымовтан 530 теңге қайтарым алады. Екеуі қол алысып, Әскентай дүкеннен шыққан.
Біраз уақыттан соң Әскентай дүкенге қайта оралып, телефонын қуаттауды сұрайды. Ол сыртқа шығып, сырасын іше бастағанда, дүкен ішінде отырған Шерзат Полат сыртқа шығып, оны бақылап тұрады.
Сағат 23:52-де Шерзат Полат Әскентайдың әкесіне балағат сөз айтты деп ойлап, оған екі рет жұдырықпен соққы жасаған. Бұл әрекетті сырттан бақылап тұрған әкесі Нұрымов ұлына ескерту жасап, Әскентайдан кешірім сұраған және жарақатын жуған.
«Әкесі кешірім сұрап, келтірілген зиянды өтейтінін айтқан. Алайда Әскентай бұл сөздерге құлақ аспай, жанжалды жалғастыру үшін досы Тоқтаубаевты шақырған», – деп мәлімдеді прокурор.
Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, Шерзат Полат Әскентайдың оң жақ бет сүйегін сындырған. Бұл төбелестің әрі қарай өршуіне себеп болды. Кешке қарай жиналған бірнеше адам жанжалды жалғастырып, соңы Шерзаттың өлімімен аяқталған.
Похожие материалы

Новости
«Фридом Финанс» АҚ ҚазТАГ-пен дауды медиация арқылы реттеуге дайын екенін мәлімдеді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·