Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Қақпайтын қатын»: Сәкен Майғазиевтің келіншегі шайын сату үшін өтірік айтып, елді дүрліктірді

Белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің отбасы айналасында туындаған кезекті видеоролик желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Әлеуметтік желілерде «Әнші Сәкен Майғазиевтің үйіне ұры түсті» деген айдармен тараған бейнежазба көпшіліктің назарын аударған болатын. Алайда, кейінірек бұл

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
«Қақпайтын қатын»: Сәкен Майғазиевтің келіншегі шайын сату үшін өтірік айтып, елді дүрліктірді
Белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің отбасы айналасында туындаған кезекті видеоролик желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Әлеуметтік желілерде «Әнші Сәкен Майғазиевтің үйіне ұры түсті» деген айдармен тараған бейнежазба көпшіліктің назарын аударған болатын. Алайда, кейінірек бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны белгілі болды. Анықталғандай, мұндай шулы тақырыпты әншінің жары Динара Майғазиева өзінің жеке брендімен шығатын шай өнімін жарнамалау үшін пайдаланған. Оқырман жинау мақсатында жасалған бұл «хайп» желіде қызу талқыға түсті. Жұлдызды отбасының бұл әрекеті желі қолданушылары тарапынан қатаң сынға ұшырады. Пікір қалдырушылардың басым бөлігі реніштерін білдірді. Фото: скрин

Похожие материалы

«Қақпайтын қатын»: Сәкен Майғазиевтің келіншегі шайын сату үшін өтірік айтып, елді дүрліктірді · Todayinfo