Сондай-ақ бүгінде талантты жастардың жаңа буынын қалыптастыруға берік негіз қаланғаны атап өтілді. Жастарға үлгі көрсету мақсатында ақылы бөлімде білім алып жүрген Шерхан Қалмұрзаға ректордың білім беру гранты табысталды. Сонымен қатар алдағы уақытта да дарынды жастарға айрықша көңіл бөлінетіні жеткізілді. Қазақ спорт және туризм академиясының спорт және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Мұхтар Есқалиев оқу орны жасөспірімдер мен студенттердің бастамаларын әрдайым қолдайтынын айтты. Өз кезегінде студент-спортшы көрсетілген ілтипат үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстандағы футболдың дамуына үлес қосуға ниетті екенін жеткізді.– Мемлекет басшысы бұқаралық спорттың дамуына айрықша мән береді. Президент өз сөзінде: «Балалардың амандығы, олардың денсаулығы және сапалы білім алуы – еліміздің келешегіне тікелей қатысы бар мәселе», – деген еді. Осы бағытта біз де жастарды жан-жақты қолдап, олардың әлеуетін ашуға және еліміздің халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға жағдай жасап келеміз. Сондай-ақ барлық спортшылар халықаралық стандарттарға сай сапалы білім алуы қажет екенін атап өткім келеді. Бұл оларға спорттағы жоғары жетістіктерге ғана емес, сонымен қатар спорттық мансабын аяқтағаннан кейін де түрлі салаларда қалыптасуға мүмкіндік береді. Жас қақпашының көрсеткен тарихи нәтижесі – бүкіл қазақстандық жастар үшін жарқын үлгі. Оны осы жетістігімен құттықтаймын және алдағы ойындарда сәттілік тілеймін, – деді Саясат Нұрбек.
Қақпашы Шерхан Қалмұрзаға ректорлық білім беру гранты берілді
Фото: gov.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Шерхан Қалмұрзамен жүздесті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Кездесу барысында министр бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына тоқталып, сондай-ақ жоғары

Фото: gov.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Шерхан Қалмұрзамен жүздесті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында министр бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына тоқталып, сондай-ақ жоғары білімнің болашақ ұрпақты қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын ерекше атап өтті.
Похожие материалы

Новости
Амнистия может затронуть почти 3 тысячи женщин, включая более 200 матерей несовершеннолетних детей и беременных
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақмыс Ұлытауға инвестиция салуда: Руслан Өскенәлі әлеуметтік нысандар құрылысының барысын тексерді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Казахмыс инвестирует в Ұлытау: Руслан Өскенәлі проверил ход строительства социальных объектов
Жаннұр Еділбаева·

Новости
В Правительстве состоялось первое заседание Совета по развитию инноваций
Жаннұр Еділбаева·