Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қарағандыда әйелдің үстіне бағана құлап, қаза тапты

Қарағанды қаласының 22-шағынауданында қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 59 жастағы әйел жолдан өтпек болған сәтте оған жарық бағанасы құлаған. Оқиға салдарынан ауыр жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілгенімен, қайтыс болып кеткен. Болжам бойынша, оқыс жағдайға

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Қарағандыда әйелдің үстіне бағана құлап, қаза тапты

Қарағанды қаласының 22-шағынауданында қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 59 жастағы әйел жолдан өтпек болған сәтте оған жарық бағанасы құлаған.

Оқиға салдарынан ауыр жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілгенімен, қайтыс болып кеткен.

Болжам бойынша, оқыс жағдайға арнайы техника себеп болуы мүмкін. Қоқыс алаңында маневр жасаған көлік кабельді зақымдап, соның салдарынан бағана құлағаны айтылып отыр. Алайда жүргізуші жұмыс істейтін компания бұл нұсқаны жоққа шығарады.

Аталған дерек бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Похожие материалы

Қарағандыда әйелдің үстіне бағана құлап, қаза тапты · Todayinfo