Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қарақат Әбілдина: «Алғашқы алтын сағатымды Мақпал апам сыйлаған»

Әнші Қарақат Әбілдина 20 жыл бұрынғы естелігін бөлісіп, Халық әртісі Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділовтен алған батасын тебіреніспен еске алды,деп хабарлайды Todayinfo. Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі жазбасында Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға қатысты естел

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Қарақат Әбілдина: «Алғашқы алтын сағатымды Мақпал апам сыйлаған»
Әнші Қарақат Әбілдина 20 жыл бұрынғы естелігін бөлісіп, Халық әртісі Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділовтен алған батасын тебіреніспен еске алды,деп хабарлайды Todayinfo. Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі жазбасында Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға қатысты естелігін бөлісті. Өнер иесі 20 жыл бұрын диплом алып, шаңырақ көтерген сәтінде еліміздің әйгілі тұлғаларынан алған батасын тебіреніспен еске алды.
«Оқуымды аяқтап, диплом алған жыл еді. Қыдекең екеуміздің шаңырағымызға Зәкең мен Мақпал апамыз, көзі тірі Мадина Ералиева апамыз келіп, құтты болсын айтып келген болатын. Сол кезде Мақпал апам қолыма алтын сағатын тағып, “Менің жолымды берсін!” деп батасын берген еді. Бұл — менің ең алғашқы алтын сағатым. Баға жетпес сыйлық ретінде әлі күнге дейін сақтап келем», – деді Қарақат.
Әнші сондай-ақ марқұм мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің өз өнеріне берген бағасын да бөлісті. Қарақаттың айтуынша, Зәкең оның жолдасы Қыдырәлі Болмановқа арнайы аманат жүктеген. «Зәкең: “Қыдырәлі, өнер адамы деген – бөлек әлем. Қолыңнан келсе, Қарақатты өзіңмен бірге үлкен сахнаға алып шық, өнер жолынан алыстатпа! Мен сияқты алақаныңа салып аяла! Бұл – сондай құрметке лайық бала”, – деп өнерімді жоғары бағалаған. Аллаға шүкір, аузы дуалы үлкен кісілерден бата алғаннан жаман болған жоқпыз», – деді ол.  

Похожие материалы

Қарақат Әбілдина: «Алғашқы алтын сағатымды Мақпал апам сыйлаған» · Todayinfo