«Әкем бірнеше сағат бойы омыртқасы сынып, еденде жатқан. Оны бір зат сияқты лақтырып тастаған. Соның кесірінен жүре алмай қалды. Оған қатыгездік жасады. Егер немересі жедел жәрдем шақырмаса, аман қалмас еді. Пансионат басшылығының немқұрайлығы мен адамның жан қиналысына шімірікпей бейжай қарауынының құрбаны болды», - деді ол.Тілектес Мергенбаевтың туыстары бейнежазбаларды көруге келген кезде, пансионаттың иесі мен оның жұбайы арыз жазбауды өтінген. Кейін белгілі болғандай, қарияны сүйрелеген қызметкер ресми түрде жұмысқа алынбаған және оқиғадан кейін ешқандай жауапкершілікке тартылмаған. Бүгінге дейін пансионат басшылығы отбасыдан кешірім сұрамаған, материалдық көмек көрсетпеген. Қарттың ұлы әкесін қымбат пансионатқа ауыстыруға мәжбүр болған. Қазіргі таңда 83 жастағы Тілектес Мергенбаев Алматы қаласындағы №12 қалалық ауруханада жатыр. Фото: Freepik
«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен
Алматыдағы қарттар үйі қызметкерлерінің салғырттығынан 83 жастағы қария жүре алмай қалды, деп хабарлайды Todayinfo. Бостандық ауданында орналасқан жеке «Қамқор Забота» пансионатында тұратын Тілектес Мергенбаев 7 қазанда таңғы сағат 04:27-де төсегінен құлап, тұра алмай екі с

Алматыдағы қарттар үйі қызметкерлерінің салғырттығынан 83 жастағы қария жүре алмай қалды, деп хабарлайды Todayinfo.
Бостандық ауданында орналасқан жеке «Қамқор Забота» пансионатында тұратын Тілектес Мергенбаев 7 қазанда таңғы сағат 04:27-де төсегінен құлап, тұра алмай екі сағат бойы сыз еденде жатқан. Сағат таңғы 6 жарымның кезінде қызметкер басқа науқастың шақыртуымен келіп, тұра алмай жатқан қарияны көреді. Қартты жұлқып тұрғызып, төсегіне отырғызып қояып, кетіп қалады. Әлсіреген Тілектес Мергенбаев екінші рет құлап, қатты жарақат алады. Басы мен омыртқасы сынып, жерде тағы да бір сағат жатады. Кейірек оралған қызметкер бұл жолы қартты еденде сүйреп, төсегіне лақтырып тастаған. Науқастың жаны қысылып көмек сұрағанын елемеген, жедел-жәрдем шақырмаған.
Тілектес Мергенбаев ұлы бұл оқиға туралы тек 11 сағат өткен соң білген. Оған пансионат басшысы қоңырау шалған. Тек немересі келген соң ғана ол жедел жәрдем шақырып, әкесін ауруханаға жеткізген.
Қарттар үйі әкімшілігінің салғырттығынан қария ауыр халде ауруханаға түсіп, үш күн бойы реанимацияда жатқан. Дәрігерлер енді қарияның өздігінен жүре алмайтынын, өмір бойы төсекке таңылатынын айтты.
Похожие материалы

Главное
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Главное
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Главное
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Главное
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·