Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Қарсы жолақпен, белдіксіз, жалған нөмірмен»: Шымкентте депутаттың заңсыз қылығы әшкере болды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде Шымкент көшелерінің бірінде түсірілген даулы видео тарап кетті. Кадрларда жолдың қақ ортасына тоқтап алған қымбат жол талғамайтын көліктен адам түсіп жатқан сәт байқалады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Жүргізуші де, жолаушы да қауіпсіздік белдіг

Әлеуметтік желіде Шымкент көшелерінің бірінде түсірілген даулы видео тарап кетті. Кадрларда жолдың қақ ортасына тоқтап алған қымбат жол талғамайтын көліктен адам түсіп жатқан сәт байқалады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Жүргізуші де, жолаушы да қауіпсіздік белдігін тақпаған. Бұған қоса, көлік қарсы бағытқа шығып кеткен.
Тексеру нәтижесінде жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оған тағылған айыптар: жалған нөмір тағып жүру, қарсы жолаққа шығу, міндетті сақтандырудың болмауы, қауіпсіздік белдігін тақпау, тыйым салынған жерде кері жүру және бұрылыс алдында белгі бермеу. Көлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Ал жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізілген.
Журналист Михаил Козачковтың хабарлауынша, тәртіп бұзушы – Түркістан облысы Байдібек аудандық мәслихатының депутаты, «Қарабатыр» ЖШС директоры Ерғали Аманбаев. Ол «Аманат» партиясының мүшесі болып табылады. Партияның аудандық филиалының Instagram парақшасында Аманбаевтың құрылыс нысандарын аралап жүрген суреттері жарияланған.
Фото: видео скриншот
Похожие материалы

Новости
«Асыл бесік – Ақсуат» фестивалі тоғызқұмалақ турнирімен басталды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·