Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қаржаубай Нұрымовтың отбасы сотталушылардан 700 млн теңгеге жуық өтемақы талап етті

Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев соттан Қаржаубай Нұрымов пен оның отбасы мүшелерінің пайдасына сотталушылардан жалпы сомасы 700 млн теңгеге жуық өтемақы өндіруді сұрады, деп хабарлайды Todayinfo Адвокат тара

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
Қаржаубай Нұрымовтың отбасы сотталушылардан 700 млн теңгеге жуық өтемақы талап етті
Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев соттан Қаржаубай Нұрымов пен оның отбасы мүшелерінің пайдасына сотталушылардан жалпы сомасы 700 млн теңгеге жуық өтемақы өндіруді сұрады, деп хабарлайды Todayinfo Адвокат тарапынан ұсынылған өтемақы талаптары мынадай:
  • Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына ұлының жерлеу рәсіміне жұмсалған шығын ретінде Абзал Шынасылдан 2 млн 794 мың теңге материалдық шығын өндіру;
  • Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына моральдық өтемақы ретінде Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтің әрқайсысынан 50 млн теңгеден, жалпы 100 млн теңге өндіру;
  • Гүлбара Бишімбаеваның пайдасына моральдық өтемақы ретінде Шынасыл мен Сакиевтен әрқайсысынан 50 млн теңгеден, жалпы 100 млн теңге өндіру;
  • Жұмабике Қадырованың пайдасына – осы екі сотталушыдан әрқайсысынан 50 млн теңгеден, жалпы 100 млн теңге моральдық өтемақы талап етілді;
  • Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына моральдық өтемақы ретінде Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтен әрқайсысынан 20 млн теңгеден, барлығы 120 млн теңге өндіріп алу сұралды;
  • Гүлбара Бишімбаеваның пайдасына – дәл осы алты сотталушыдан әрқайсысынан 20 млн теңгеден, жалпы 120 млн теңге;
  • Жұмабике Қадырованың пайдасына да аталған алты адамнан әрқайсысынан 20 млн теңгеден, яғни 120 млн теңге моральдық өтемақы өндіру сұралды.
«Жерлеу рәсіміне кеткен шығындардың түбіртектері сотқа ұсынылды. Ал моральдық зиян арнайы психологиялық сараптама нәтижелері негізінде анықталды», – деді адвокат Мейірман Шекеев.

Похожие материалы

Қаржаубай Нұрымовтың отбасы сотталушылардан 700 млн теңгеге жуық өтемақы талап етті · Todayinfo