Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қасақана жол ережесін бұзған мақтаншақ: әнші Ернар Айдар үш бап бойынша жазаға тартылды (ВИДЕО)

Әнші Ернар Айдар жол ережесін бұзып, үш бап бойынша айыпталды, деп хабарлайды Todayinfo . Осыған байланысты редакцияның ресми сауалына Жамбыл облысы Полиция департаменті жауап берді. «Жол талғамайтын көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, оны бейнетаспаға түсірген. Бұл

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Қасақана жол ережесін бұзған мақтаншақ: әнші Ернар Айдар үш бап бойынша жазаға тартылды (ВИДЕО)

Әнші Ернар Айдар жол ережесін бұзып, үш бап бойынша айыпталды, деп хабарлайды Todayinfo.

Осыған байланысты редакцияның ресми сауалына Жамбыл облысы Полиция департаменті жауап берді.

«Жол талғамайтын көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, оны бейнетаспаға түсірген. Бұл туралы жазба әлеуметтік желіде жарияланды. Полиция қызметкерлері көлік құралының иесін анықтады. Азамат А. әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- делінген хабарламада.

Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қою қағидаларын бұзғаны, жол белгілерімен немесе жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін, сондай-ақ жолдың белгіленбеген жерінен өткені үшін құқық бұзушыға айыппұл салынды.

Полиция жолдардағы қауіпсіздік жол қозғалысының әрбір қатысушысының жеке жауапкершілігінен басталатынын еске салды.

«Жол – бұл басқа көліктер мен жаяу жүргіншілерге қауіп туғызатын әзілдер мен жарнамалық түсірілімдерге арналған орын емес»,- делінген жауапта.

Коллаж: Todayinfo
 
View this post on Instagram
 

Похожие материалы

Қасақана жол ережесін бұзған мақтаншақ: әнші Ернар Айдар үш бап бойынша жазаға тартылды (ВИДЕО) · Todayinfo