Todayinfo.kz
Шоу-бизнесСмотреть все материалы

«Қазақ қара жамылғанда да бұлай істемеген»: экс-күйеуін жоқтауда жаман ырымға барған Мөлдір Мұқанова сынға қалды

Фото: видео скриншот Желіде қоғам назарын аударған оқиғаға байланысты Бекболат Қаржан есімді азамат өз көзқарасын ашық жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ол танымал әзілкеш Тұрсынбектің жұбайы Мөлдір Мұқанның Instagram желісінде балаларымен бірге жылап отырғ

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Қазақ қара жамылғанда да бұлай істемеген»: экс-күйеуін жоқтауда жаман ырымға барған Мөлдір Мұқанова сынға қалды

Фото: видео скриншот

Желіде қоғам назарын аударған оқиғаға байланысты Бекболат Қаржан есімді азамат өз көзқарасын ашық жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Ол танымал әзілкеш Тұрсынбектің жұбайы Мөлдір Мұқанның Instagram желісінде балаларымен бірге жылап отырған видеосын сынға алған. Бекболаттың айтуынша, мұндай әрекет көпшілік алдында жеке мәселелерді көрсетудің қажетсіз екенін байқатады.

«Тұрсынбектің әйелі балаларын айналдыра отырғызып, жылап видео түсіріп жатыр. Бұл – қара жамылып, жоқтау айтқандай көрініс. Тұрсынбек тірі, ешқандай қаралы жағдай жоқ. Мұндай әрекет дұрыс ниет танытып тұрған жоқ», – дейді ол.

Ол бұрынғы қазақы дәстүрде әйелдердің қиындықта да сабыр сақтауға тырысқанын, ал жеке мәселелерді халыққа жариялау дұрыс емес екенін атап өтті.

Бекболат Қаржанның сөзінше, Мөлдір Мұқан бұл әрекетімен көпшіліктің назарын өзіне аударуға тырысып отыр.

«Жұртқа мүсіркей беруге негіз іздегендей. Нағыз қиын жағдайда жүрген қыздар үн қатпай, ешкімге шағымданбай жүр. Олар – шынымен қолдауға зәру адамдар», – дейді ол.

Ол өзінің екі қызға қолдау көрсетіп жүргенін де атап өтті: бірі – Маржан есімді қыз, екіншісі – жас бойжеткен. «Бұл екі қыздың жағдайы шынымен ауыр. Олар көз жасын көрсетпейді, жыламайды. Соларға көмектесу керек», – дейді Бекболат.

Сонымен қатар ол Мөлдір Мұқанның жағдайы жақсы екенін, балалардың да аман-есен екенін, бұрынғы күйеуі Тұрсынбектің барлық жағдайды жасап кеткенін айтты.

«Әр қазақтың өз басында жетерлік мәселесі бар. Ал Тұрсынбектің отбасында жағдай бар. Бұл әрекеттер жоқшылықтан емес, тоқшылықтан туындап отыр. Шын бағасын берсек, Тұрсынбектің шешімі дұрыс болған сияқты», – деп қорытындылады ол.

Похожие материалы

«Қазақ қара жамылғанда да бұлай істемеген»: экс-күйеуін жоқтауда жаман ырымға барған Мөлдір Мұқанова сынға қалды · Todayinfo