Todayinfo.kz
ЭкономикаСмотреть все материалы

Қазақ-қытай іскерлік кеңесінде құны $3,7 млрд болатын 40 құжатқа қол қойылды

Елордада Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің жетінші отырысы өтіп, оның қорытындысы бойынша 40 құжат бекітілді. «Іс-шараға 500-ден астам адам қатысты, оның ішінде қытайлық 50 ірі компания бар. Жалпы құны 3,7 млрд АҚШ долларынан астам сомада 40 құжатқа қол қойылды. Соның арасында «

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
Қазақ-қытай іскерлік кеңесінде құны $3,7 млрд болатын 40 құжатқа қол қойылды
Елордада Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің жетінші отырысы өтіп, оның қорытындысы бойынша 40 құжат бекітілді.
«Іс-шараға 500-ден астам адам қатысты, оның ішінде қытайлық 50 ірі компания бар. Жалпы құны 3,7 млрд АҚШ долларынан астам сомада 40 құжатқа қол қойылды. Соның арасында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы қытайлық серіктестермен 16 құжатты бекітті» делінген «Самұрық-Қазына» қоры мәліметінде.

Оның арасында мына құжаттар бар:

1. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Sany Renewables Energy арасындағы ЖЭС компоненттерін шығару бойынша келісім; 2. «Самұрық-Қазына» АҚ мен SANY Group арасындағы ынтымақтастық туралы келісім; 3. «Самұрық-Қазына» АҚ мен China Energy Overseas Investment Co., Ltd. арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 4. «Самұрық-Қазына» АҚ мен CNPC арасындағы негізгі келісім; 5. ҚР Энергетика министрлігі мен CNPC арасындағы негізгі келісім; 6. «ҚазМұнайГаз» мен CNPC арасындағы негізгі келісім; 7. «ҚазМұнайГаз» АҚ, Sinopec және СИБУР арасындағы «Силлено» жобасына қатысты қатысушылар арасындағы үш жақты хаттама; 8. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен CRRC арасында 200 локомотив жеткізу туралы шарт; 9. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ мен «Ляньюньган порты МК» ЖШҚ арасындағы Ақтау порты базасында контейнерлік хаб салу жобасына инвестиция салу туралы келісім; 10. «Самұрық-Энерго» АҚ мен China International Water & Electric Corp (CWE) арасындағы ынтымақтастық туралы келісім; 11. «KEGOC» АҚ мен China Energy International Group арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 12. «Қазпошта» АҚ және YTO Express бірлескен кәсіпорнының құрылтайшылық шарты; 13. «Қазпошта» АҚ мен YM Trans (Guangzhou) International Forwarding арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім; 14. «Қазпошта» АҚ мен China Communications Construction Co,. Ltd. арасындағы электрондық коммерцияны дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандум; 15. «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы мен China venture capital Asset Management Company Limited арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 16. «КTZ Express» АҚ, Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co ., Ltd. және «Славтранс-Сервис» АҚ арасында Қытай-Қазақстан-Ресей бағытында бірыңғай цифрлық дәліз құру туралы үшжақты келісім.

Похожие материалы

Қазақ-қытай іскерлік кеңесінде құны $3,7 млрд болатын 40 құжатқа қол қойылды · Todayinfo