Қазақ қызы Вьетнамда жоғалып кетті
Вьетнамның Хошимин қаласында Қазақстан азаматы Әсем Әубәкір жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Бойжеткен 2026 жылғы 6 наурыздан бері байланысқа шықпаған. Жоғалған қыздың әпкесі Рузананың айтуынша, Әсем Қазақстанға ұшып шығуы керек болған, бірақ әуежайдағы кестеден өз рейсін таба алма

Вьетнамның Хошимин қаласында Қазақстан азаматы Әсем Әубәкір жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Бойжеткен 2026 жылғы 6 наурыздан бері байланысқа шықпаған.
Жоғалған қыздың әпкесі Рузананың айтуынша, Әсем Қазақстанға ұшып шығуы керек болған, бірақ әуежайдағы кестеден өз рейсін таба алмаған. Соңғы рет сөйлескенде оның күйзелісте болғаны байқалған:
Бойжеткен екі тәулік бойы ұйықтамаған және біреулер соңынан аңдып жүргенін айтып, қатты қорыққан.
Жоғалып кетер алдында ол бір америкалық әйелмен түскі ас ішкен. Содан кейін сөйлеген сөзі түсініксіз болып, жақындарына оның жағдайы оғаш көрінген.
Банк картасы арқылы соңғы операция 6 наурыз күні сағат 15:08-де тіркелген.
Әсемнің саяхаттап жүргеніне 8-9 жыл болған, бірақ бұрын-соңды мұндай жағдай болмаған.
Туыстары Вьетнамдағы Қазақстан консулына хабарласқан. Алайда, олардың айтуынша, ресми құжаттарды ресімдеу демалыс күндеріне байланысты дүйсенбіде ғана басталмақ. Сыртқы істер министрлігі іздестіруді өз бетінше бастауды ұсынған, себебі консулдық жұмыс біраз уақыт алуы мүмкін.
Фото: instagram.com/megapolis.kz
Похожие материалы

Новости
В Павлодаре трехлетняя девочка выпала из окна третьего этажа
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қызылордада балаларды жұлқылаған тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Айғаным Нариманова·

Новости
Пенсионные накопления станет сложнее изъять: что изменится с 5 июня
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Біз ауқымды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеміз». Ерлан Қарин Тоқаевтың негізгі 9 үндеуін бөліп көрсетті
Жаннұр Еділбаева·