Қазақстан Азия біріншілігінде топ жарды: Президент боксшыларды құттықтады
Мемлекет басшысы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын Ұлан-Батырда өткен Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Президент спортшыларымыз жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алып, отандық бокс мектебінің жоғар

Мемлекет басшысы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын Ұлан-Батырда өткен Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Президент спортшыларымыз жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алып, отандық бокс мектебінің жоғары деңгейін көрсеткенін атап өтті.
Құттықтауда Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Надежда Рябец және Дина Исламбекова секілді спортшылардың жеңіс тұғырына көтеріліп, ортақ жетістікке зор үлес қосқанына назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің әлемдік жарыстарда көк байрағымызды биікте желбірете берулеріне тілектестік білдірді.
Похожие материалы

АКОРДА
Қ. Тоқаев пен Н. Христодулидистің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда өтті
Айдар Керім·

АКОРДА
Ержан Жиенбаев ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды
Айдар Керім·

АКОРДА
Қ. Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
Айдар Керім·

АКОРДА
Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэні қабылдады
Айғаным Нариманова·