Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қазақстан экономикасы 10 жылда болмаған көрсеткішке жетті – ІЖӨ алғаш рет 300 млрд доллардан асты

ІЖӨ көлемі 300 млрд доллардан асып, жан басына шаққанда 15 мың доллардан жетті.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Қазақстан экономикасы 10 жылда болмаған көрсеткішке жетті – ІЖӨ алғаш рет 300 млрд доллардан асты
Ресми мәліметке сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі 6 пайыздан асады. Бұл – соңғы онжылдықтағы ең жоғары нәтиже. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында хабарлады. Жалпы ішкі өнім көлемі алғаш рет 300 миллиард доллардан асып, жан басына шаққандағы ІЖӨ 15 мың долларға жеткен. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Желдібайдың дерегінше, биыл еліміз бойынша жалпы құны 1478,1 миллиард теңге болатын 185 жоба іске қосылған. Соның нәтижесінде 22 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Аталған жобалар толық қуатына шыққанда елдің өндіріс көлемі шамамен 2,3 триллион теңгеге жетуі мүмкін.

Қандай ірі жобалар іске қосылды?

2025 жылы бірқатар маңызды нысан пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Достық–Мойынты темір жолының екінші желісі мен Қостанай облысындағы KIA Qazaqstan автокөлік зауыты іске қосылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Шымкент пен Қызылорда қалаларындағы жаңа әуежай терминалдарын аралап көрді. Сонымен қатар ол Астанадағы Stadler Kazakhstan зауытында шығарылған алғашқы жолаушылар вагонымен де танысты.

Экономикалық серпін қандай салаларда байқалады?

Желдібайдың айтуынша, биылғы көрсеткіштер қара және түсті металлургия, химия, жеңіл және тағам өнеркәсібі, құрылыс индустриясы мен қағаз өнімдері өндірісіндегі жаңа жобалармен тікелей байланысты. Бұл жобалар ішкі нарықты дамытуға және экспорттық әлеуетті арттыруға серпін бермек.

Похожие материалы

Қазақстан экономикасы 10 жылда болмаған көрсеткішке жетті – ІЖӨ алғаш рет 300 млрд доллардан асты · Todayinfo