Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қазақстан мен Қытай медиа ынтымақтастығы жаңа кезеңге өтті - вице-министр

Қазақстан мен Қытай арасындағы медиа ынтымақтастық қарқынды дамып, жаңа сапалық деңгейге өтіп жатыр. Бұл туралы «Орталық Азия - Қытай» медиафорумы аясында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Оның айтуынш

Автор Жаннұр Еділбаева··2 мин чтения
Қазақстан мен Қытай медиа ынтымақтастығы жаңа кезеңге өтті - вице-министр
Қазақстан мен Қытай арасындағы медиа ынтымақтастық қарқынды дамып, жаңа сапалық деңгейге өтіп жатыр. Бұл туралы «Орталық Азия - Қытай» медиафорумы аясында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Оның айтуынша, екі ел арасындағы тұрақты кездесулер мен бірлескен жобалар өзара серіктестікті нығайтып қана қоймай, жаһандық деңгейдегі бастамаларды іске асыруға мүмкіндік беріп отыр.
«Бұл тек ақпарат алмасу емес, толыққанды коммуникациялық орта қалыптасып жатыр. Осы үдерісте медиа платформаның рөлі аса маңызды», - деді Кочетов.
Мәселен, биыл Қазақстан делегациясы Қытайдың Цюйфу қаласында өткен China Media Group ұйымдастырған IV Жаһандық медиа инновациялар форумына қатысты. Бұл оқиға екіжақты ынтымақтастықтың үздіксіз, кезең-кезеңімен дамып келе жатқанын көрсетті. Сондай-ақ, вице-министр соңғы жылдардағы маңызды жетістіктердің бірі ретінде Хоргос шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығында бірлескен баспасөз орталығының іске қосылғанын атап өтті. Ал Астана мен Бейжіңде ашылған мәдени орталықтар елдер арасындағы гуманитарлық байланысты арттыруда.
«Соңғы трендті ескере отырып, бүгінде медиа мен креативті индустриялар қарқынды трансформация кезеңін бастан кешуде. Цифрландыру, платформалық экономиканың дамуы, жасанды интеллектті енгізу және қолданушылық контенттің өсуі медианың табиғатын, оны тұтыну формаларын және кәсіби қауымдастыққа қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертуде», - деді ол.
Кочетовтың айтуынша, Қазақстан мен Қытай заманауи медиа құралдар арқылы ұлттық мәдениетті ілгерілету бағытында бірқатар табысты жобаны жүзеге асырып келеді. Мәселен, қазір «Хабар» арнасы қытайлық әріптестерімен бірлесіп тақырыптық деректі фильм түсіріп жатыр. Сонымен қатар, бірлескен трансляциялар мен ток-шоулар көрерменге жол тартты.
«Бүгінгі форум біздің ынтымақтастығымызды тереңдетіп, осы салада тәжірибе алмасуға қосымша алаң болады деп сенемін. Алдағы мақсат – сапалы контентке басымдық беріп, бірлескен медиа өнімдерді дамыту. Бұл ортақ ақпараттық кеңістікті қалыптастырып, мәдени байланыстарымызды тереңдете түседі», - деп түйіндеді Евгений Кочетов.

Похожие материалы

Қазақстан мен Қытай медиа ынтымақтастығы жаңа кезеңге өтті - вице-министр · Todayinfo