Todayinfo.kz
ЭкономикаСмотреть все материалы

Қазақстан мен Түркия өзара сауда-саттық көлемін 15 млрд долларға жеткізуге ниетті

Біз компанияларымызды инвестиция мәселесінде де ынталандыра береміз.

Автор Айдар Керім··1 мин чтения
Қазақстан мен Түркия өзара сауда-саттық көлемін 15 млрд долларға жеткізуге ниетті
📷 Ақорда

Қазақстан мен Түркия өзара сауда-саттық көлемін 15 млрд долларға жеткізу ниетін растады. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайында өткен Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 6-отырысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.

- Сауда-саттық көлемін 15 млрд долларға дейін жеткізу мақсатымызды растадық. Осыған орай біз 15 сәуірде Астанада өткен Бірлескен экономикалық комиссиямыздың 14-отырысында қабылдаған іс-шаралар жоспарын іске асырудың маңыздылығын атап өттік. Біз компанияларымызды инвестиция мәселесінде де ынталандыра береміз. Бизнес форум сынды іскерлік ортаны біріктіретін іс-шараларға айрықша мән беремін. Бүгін біз сондай форумның жабылу рәсіміне қатысамыз. Келіссөз барысында энергетика саласындағы ынтымақтастық та маңызды тақырыптардың бірі болды, - деді Режеп Тайип Ердоған.

Похожие материалы

Қазақстан мен Түркия өзара сауда-саттық көлемін 15 млрд долларға жеткізуге ниетті · Todayinfo