Қазақстан мен Вьетнам 8 мәміле жасасты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo Ақордаға сілтеме жасай отырып. Ресми делегация мүшелері мынадай құжаттармен алм

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Ресми делегация мүшелері мынадай құжаттармен алмасты:
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Ғылым және технология министрлігі арасында технология, инновация және цифрлық трансформация салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум;
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасында 2025-2027 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум;
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасында 2025-2027 жылдарға арналған спорт саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум;
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Әділет министрлігі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;
5. Қызылорда облысы әкімдігі мен Хынг Йен провинциясы арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандум;
6. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Sovico Group арасында Qazaq Air АҚ акцияларын сатып алу мәмілесін аяқтауды растау туралы акт;
7. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен Petrovietnam Exploration Production компаниясы арасында геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
8. Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадио кешені мен Вьетнамның ақпарат агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге келді.
Фото: Ақорда
Похожие материалы

Новости
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Новости
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·