— Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық және ұмра саласында қызмет көрсететін тәжірибелі туроператорлар арасында адал әрі әділ бәсекелестікке қол жеткізу үшін әрі қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатымен «Үміткер туроператорларға қажылық орындарын бөлудің ережесі» негізінде 2026 жылы қажылықпен айналысуға үміткер туристік операторлар арасында конкурс жариялайды, — делінген ҚМДБ хабарламасында.Үміткерлерге қойылатын талаптар мынадай: «Қажылық-2026» маусымына дайындығы және нақты игере алатын қажылық орын саны мен мүмкіндігі туралы ҚМДБ-ға өтініш хат жіберу; Туроператорлық қызметті жүзеге асыру бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай берілген тиісті мемлекеттік лицензиясының және ҚР туристік қызметі туралы заңының 27-3-бабының 1-тармағына сәйкес қосымшасының болуы; Салық комитетінде тіркелгені туралы куәлігінің және салықтары төленгенін айғақтайтын құжаттардың болуы; Қажылық пен ұмраны ұйымдастыруда тұрақты оң 5 жылдық тәжірибесінің бар екендігін айғақтайтын құжаттардың болуы; ҚР заңдарын және САК тарапынан қажылыққа қатысты қойылған талаптарды бұзбауы; ҚР аумағында халыққа сапалы қызмет көрсете алатын кеңсесінің болуы (кеңсенің мекен-жай анықтамалығы, кеңсе немесе ғимаратты жалға алған келісім-шарты). Аталған құжаттар 2025 жылғы 18 тамыздан бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 2025 жылғы 31 тамызға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған туроператордың ұсыныстары қаралмайды. Фото: Мүфтият.кз
Енді кез-келген турфирмамен қажылыққа бара алмайсыз: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы конкурс жариялады
ҚМДБ қажылық және ұмра саласында қызмет көрсететін тәжірибелі туроператорлар арасында адал әрі әділ бәсекелестікке қол жеткізу үшін конкурс жариялады, деп хабарлайды todayinfo.kz — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық және ұмра саласында қызмет көрсететін тәжірибел

ҚМДБ қажылық және ұмра саласында қызмет көрсететін тәжірибелі туроператорлар арасында адал әрі әділ бәсекелестікке қол жеткізу үшін конкурс жариялады, деп хабарлайды todayinfo.kz
Похожие материалы

Новости
«Асыл бесік – Ақсуат» фестивалі тоғызқұмалақ турнирімен басталды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·