Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

«Қазақстан темір жолы» АҚ қызметкерлерінің орташа жалақысы қанша екені белгілі болды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ азаматтардың өтініштерін қарау нәтижесінде, компания қызметкерлерінің еңбекақысына қатысты нақты мәліметтер берілмейтінін хабарлады. Ақпарат агенттігі компанияға ресми сауал жолдаған болатын, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Бұл ақпарат ко

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Қазақстан темір жолы» АҚ қызметкерлерінің орташа жалақысы қанша екені белгілі болды
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ азаматтардың өтініштерін қарау нәтижесінде, компания қызметкерлерінің еңбекақысына қатысты нақты мәліметтер берілмейтінін хабарлады. Ақпарат агенттігі компанияға ресми сауал жолдаған болатын, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Бұл ақпарат коммерциялық құпия мен дербес деректердің құрамына кіретіндіктен, оны жариялау ҚР заңнамасына қайшы келеді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ дербес деректерді қорғау қағидаларына және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес, қызметкердің келісімінсіз бұл деректерге қол жеткізуге жол берілмейді», – делінген ресми жауапта.
2025 жылға қарай «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымында:
  • Директорлар кеңесі – 9 мүшеден тұрады;
  • Басқарма құрамында – 9 мүше бар.
Бұл деректер компания құрылымындағы басқару деңгейлері туралы сұрауға ресми жауап ретінде ұсынылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы орташа айлық жалақы 551 908 теңгені құрады. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артық (бұрын — 482 932 теңге). Аталған сома салықтар мен бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер ұсталғанға дейінгі көрсеткіш болып табылады.      

Похожие материалы

«Қазақстан темір жолы» АҚ қызметкерлерінің орташа жалақысы қанша екені белгілі болды · Todayinfo