Әлеуметтік желілерде ниқаб киген бірнеше қыздың Қазақстанның мемлекеттік туын ұстап түскен суреті таралып, қоғамда үлкен дау тудырды. Желі қолданушылары туға араб тілінде жазу жазылғанына наразылық білдірді. Осы оқиға маркетплейстерде мемлекеттік рәміздердің дұрыс сатылуына қатыс
Әлеуметтік желілерде ниқаб киген бірнеше қыздың Қазақстанның мемлекеттік туын ұстап түскен суреті таралып, қоғамда үлкен дау тудырды. Желі қолданушылары туға араб тілінде жазу жазылғанына наразылық білдірді. Осы оқиға маркетплейстерде мемлекеттік рәміздердің дұрыс сатылуына қатысты мәселені көтерді,деп хабарлайды
Todayinfo ақпарат агенттігі.
Ресейлік OZON платформасы Kursiv.Media-ға берген ресми жауабында даулы тауар сайттан жойылғанын және бұл жағдай қайталанбас үшін бақылаудың күшейтілетінін мәлімдеді.
«Бұл тауар енді тапсырыс үшін қолжетімсіз. Біз барлық ассортиментті қосымша тексереміз. Жасанды интеллект пен қолмен тексеру арқылы күн сайын миллиондаған тауарды бақылаймыз. Бұл жолы сатушының ережені қалай айналып өткенін анықтап, жүйені жетілдіреміз», – делінген хабарламада.
Wildberries платформасы да желіде дау тудырған ту өнімдерінің сатылымда болғанын растады.
«Біз Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын тауарлардың сатылуына жол бермеуге тырысамыз. Аталған өнімдерді тексеріп, платформада бұғаттадық. Сонымен қатар, заңсыз тауарларды анықтайтын жасанды интеллект жүйесін жетілдіруді жалғастырамыз», – деп мәлімдеді компания өкілдері.
Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, интернет-дүкендердегі ұлттық рәміздердің қорғалуына қатысты сұрақтарды көтерді. Қазіргі уақытта маркетплейстер тұтынушылар мен мемлекеттік органдардың шағымдарына жедел жауап беретінін айтты.