Қазақстанда алғаш рет омырау сүтінің банкі іске қосылды
Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында Қазақстан бойынша тұңғыш омырау сүтінің банкі ашылды. Бұл бастама шала туған және анасы емізе алмайтын сәбилерге көмек көрсету мақсатында жүзеге асып отыр , деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Д

Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында Қазақстан бойынша тұңғыш омырау сүтінің банкі ашылды. Бұл бастама шала туған және анасы емізе алмайтын сәбилерге көмек көрсету мақсатында жүзеге асып отыр,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, аталған банк — неонаталдық қызмет сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Омырау сүті арнайы санитарлық талаптармен жиналып, қауіпсіз жағдайда сақталады, әрі қажет болғанда балаларға беріледі.
«Сүт қауіпсіз жағдайда сауылып, арнайы ыдыстарда сақталады. Кейін дәрігерлер оны қатырып, сүтке мұқтаж нәрестелерге береді», – делінген министрлік хабарламасында.
Омырау сүтінің банкі шала туған нәрестелерге, сондай-ақ анасы уақытша немесе мүлде емізе алмайтын жағдайдағы сәбилерге арналған. Медициналық сараптама мен қауіпсіздік шаралары толықтай сақталып, сүт клиникалық талаптарға сай беріледі.
Министрліктің мәлімдеуінше, бұл бастама республика бойынша кеңейтіліп, болашақта үшінші деңгейдегі барлық перинаталдық орталықтарда осындай сүт банктерін ашу көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде нәресте өлімін азайтуға, нәрестелердің өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етпек.
Похожие материалы

Новости
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·