Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қазақстанда балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін 

Фото: instagram.com/aimagambetov Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда балалардың әлеуметтік желілерге тіркелу жасын шектеуді ұсынды. Оның айтуынша, бүгінде TikTok пен Instagram-да балалар 5–6 жасынан-ақ ата-ананың рұқсатынсыз аккаунт аша алады, деп хабарлайды Todayinfo

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Қазақстанда балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін 
Фото: instagram.com/aimagambetov Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда балалардың әлеуметтік желілерге тіркелу жасын шектеуді ұсынды. Оның айтуынша, бүгінде TikTok пен Instagram-да балалар 5–6 жасынан-ақ ата-ананың рұқсатынсыз аккаунт аша алады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Аймағамбетов шетел тәжірибесін мысалға келтіріп, Дания мен Аустралияда тіркелуге 15–16 жастан бастап рұқсат етілетінін, ал АҚШ пен Англияда ата-ананың келісімі мен верификация қажет екенін айтты. Сондай-ақ ол мектептерде смартфон қолдануға тыйым салуды да қолдады, мұндай шектеудің оқу үлгеріміне оң әсер ететінін атап өтті. Ал вице-министр Дмитрий Мун әзірге мұндай шектеулер Цифрлық кодекске енгізілмейтінін, басты мақсат – балалардың интернетті қауіпсіз пайдалануына жағдай жасау екенін жеткізді.

Похожие материалы

Қазақстанда балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін  · Todayinfo