Қазақстанда енді жүргізуші куәлігі емтиханында заң бұзғандарға бір жылдық шектеу енгізіледі
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу ережелері күшейтілмек. Енді емтихан кезінде микроқұлаққап, жасырын камера сияқты тыйым салынған құралдарды қолданғандар бір жылға дейін қайта тапсыру құқығынан айырылады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Жаңа өзгерістерге сәйкес, ә

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу ережелері күшейтілмек. Енді емтихан кезінде микроқұлаққап, жасырын камера сияқты тыйым салынған құралдарды қолданғандар бір жылға дейін қайта тапсыру құқығынан айырылады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, әкімшілік жауапкершілік нормалары енгізіледі. Жаза тек емтихан тапсырушыларға ғана емес, жүргізуші куәлігін заңсыз алуға көмектескен тұлғаларға да қарастырылған.
Сонымен қатар жүргізуші куәлігіне емтиханды ақылы түрде шексіз рет тапсыру мүмкіндігі беріледі. Бірақ әр әрекет арасында кемінде 10 күн үзіліс болуы тиіс. Қазіргі таңда қазақстандықтарға үш рет тегін тапсыру мүмкіндігі берілген, ал екі рет сәтсіз тапсырғаннан кейін үшінші мүмкіндікті пайдалану үшін 30 күн күту қажет.
Теориялық емтиханға қосымша шынайылық технологиялары (AR) енгізілмек. Ал практикалық бөлімде компьютерлік көру (Computer Vision) жүйесі қолданылып, ереже бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайды. Бұл жаңашылдықтар емтихан кезінде заңсыз әрекеттердің алдын алуға бағытталған.
Сондай-ақ теориялық тест сұрақтарының сапасы мен тиімділігін анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізіледі.
Похожие материалы

Новости
«Біз ауқымды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеміз». Ерлан Қарин Тоқаевтың негізгі 9 үндеуін бөліп көрсетті
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Нурлыбек Налибаев ознакомился с ключевыми проектами Костанайской области
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Депутат Пономарев предложил усилить экологическое просвещение в Казахстане
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Түркістандық педагог сот залында өзіне қол салмақ болды
Айғаным Нариманова·