Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қазақстанда кәсіби мерекелер қатарына алты жаңа мейрам қосылуы мүмкін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер тізімін кеңейтіп, оған алты жаңа атаулы күнді қосуды ұсынып отыр,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 12 маусымға дейін қоғам талқысына шығарылған. Министрл

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Қазақстанда кәсіби мерекелер қатарына алты жаңа мейрам қосылуы мүмкін
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер тізімін кеңейтіп, оған алты жаңа атаулы күнді қосуды ұсынып отыр,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 12 маусымға дейін қоғам талқысына шығарылған. Министрліктің ұсынысына сәйкес, елімізде келесі кәсіби мерекелер бекітілуі мүмкін:
  • Қазақстан кәсіпкерлері күні
  • Қазақстанның қолөнершілер күні
  • Табиғи монополиялар саласы жұмыскерлері күні
  • Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлері күні
  • Кадр қызметі жұмыскерлері күні
  • Қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскерлері күні
Сонымен қатар, Энергетик күні мерекесінің датасын өзгерту ұсынылуда. Бұйрық күшіне енген жағдайда, бұл кәсіби мейрам дәстүрлі түрде желтоқсанның үшінші жексенбісінде емес, 22 желтоқсанда атап өтілетін болады. Министрлік бұл өзгерістер кәсіби салалардағы мамандардың еңбегін лайықты бағалау мақсатында енгізіліп жатқанын атап өтті.

Похожие материалы

Қазақстанда кәсіби мерекелер қатарына алты жаңа мейрам қосылуы мүмкін · Todayinfo