Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қазақстандағы екінші атом электр станциясын Қытай компаниясы салады

Қазақстанда тағы бір АЭС салу жөніндегі консорциумның жетекшісі болып қытайлық CNNC компаниясы таңдалды. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo . «ҚХР-мен атом саласындағы ынтымақтастық жөнінде жеке бас келісі

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Қазақстандағы екінші атом электр станциясын Қытай компаниясы салады

Қазақстанда тағы бір АЭС салу жөніндегі консорциумның жетекшісі болып қытайлық CNNC компаниясы таңдалды. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.

«ҚХР-мен атом саласындағы ынтымақтастық жөнінде жеке бас келісімге қол қою жоспарланып отыр. Біз Қазақстанда тағы бір АЭС салу үшін қытай технологияларын көргіміз келеді. Әлемде бүкіл атом циклін өз күшімен жүзеге асыра алатын елдер көп емес. Ал Қытай – бұл барлық қажетті технологияларға, өндірістік және индустриялық базаға ие мемлекет. Біздің келесі басты басымдығымыз – ҚХР-мен ынтымақтастық»,- деді Сәтқалиев.

Ол Қытай тарапымен тиісті келіссөздер жүргізілетінін атап өтті.

Похожие материалы

Қазақстандағы екінші атом электр станциясын Қытай компаниясы салады · Todayinfo