Todayinfo.kz
ОбществоСмотреть все материалы

Қазақстандық интим суреттерін жариялаймын деп танысын бопсалаған

Фото: depositphotos Маңғыстау облысында интим суреттерді таратамын деп ақша бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы  Polisia.kz  сайтына сілтеме жасап. 2025 жылдың 26 қаңтарында шамамен 14:50-де Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұй

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Қазақстандық интим суреттерін жариялаймын деп танысын бопсалаған

Фото: depositphotos

Маңғыстау облысында интим суреттерді таратамын деп ақша бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2025 жылдың 26 қаңтарында шамамен 14:50-де Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Жаңаөзеннің Шаңырақ ықшамауданында жылдам әрекет ету арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларын өткізді.

«Нәтижесінде 2004 жылы туған Жаңаөзен тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді. Тергеу барысында күдікті өзінің танысына интимдік фото және видеоматериалдарды жариялаймын деп қорқытып, одан 600 мың теңге бопсалағаны анықталды», - делінген хабарламада.

Қылмыстың мән-жайы тергеу әрекеттері барысында анықталып жатыр. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тінту кезінде күдіктіден қылмыс жасалғанын растайтын айғақ заттар, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған 300 мың теңге тәркіленді. Полиция қызметкерлері күдіктінің кінәсін толық анықтау үшін қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Похожие материалы

Қазақстандық интим суреттерін жариялаймын деп танысын бопсалаған · Todayinfo