Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қазақстандық жас жігіт әйелінің жүкті кезінде өзі токсикоз болғанын айтты

«Қазақстан» ұлттық телеарнасында көрсетілетін «Тату тәтті» бағдарламасының бір шығарылымында ерекше оқиға айтылды. Шалғын есімді қатысушы жүкті әйелі емес, өзі 9 ай бойы токсикозбен ауырғанын айтып, көрермендерді таңғалдырды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Майды қ

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Қазақстандық жас жігіт әйелінің жүкті кезінде өзі токсикоз болғанын айтты
«Қазақстан» ұлттық телеарнасында көрсетілетін «Тату тәтті» бағдарламасының бір шығарылымында ерекше оқиға айтылды. Шалғын есімді қатысушы жүкті әйелі емес, өзі 9 ай бойы токсикозбен ауырғанын айтып, көрермендерді таңғалдырды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Майды қуыруға шыдай алмаған, түнде ащы тамақ іздеген Шалғынның айтуынша, әйелі жүктілік кезінде өзін жақсы сезінген, ал токсикоз белгілері керісінше өзінде байқалған.
«Майды қуырғанда әйелім емес, мен лоқситынмын. Әйелім 4 айлық болғанда “нені жиріктедің?” десем, “ештеңеге зауқым жоқ” дейді. Ал мен болсам, түнде ащы тамақ жегім келіп тұратын», — дейді ол.
Мұндай жағдайда ер адамның токсикозға ұшырауы көпшілік үшін тосын болды. Диагнозды корей дәрігері қойған Шалғын бұл жағдайдың себебін білу үшін бірнеше тексеруден өткен. Анализдерде ешқандай ауытқу болмаған соң, ол корей ұлтының бір тәжірибелі дәрігеріне барғанын айтты. «Бетіме қарап күлді де, “сізде токсикоз” деді», — деп оқиғасын жалғастырды ол. Мамандар бұл жағдайды симпатикалық жүктілік немесе кувада синдромы деп атайды. Яғни ер адам жүктілік кезінде әйелінің жағдайына психологиялық және физиологиялық түрде ортақтасады.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)

Похожие материалы

Қазақстандық жас жігіт әйелінің жүкті кезінде өзі токсикоз болғанын айтты · Todayinfo