Todayinfo.kz
Шоу-бизнесСмотреть все материалы

Қазақстандық жас жұлдыз ресейлік «Голос. Дети» финалына шықты

Фото: https://www.instagram.com/zhasmina.tuzelova Қазақстандық дарынды әнші Жасмина Түзелова Ресейдің әйгілі «Голос. Дети» музыкалық жобасының финалына шықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Жас орындаушы бұл қуанышты жаңалықты өз парақшасында жариялап, жанкүйерлеріне ризашылығ

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Қазақстандық жас жұлдыз ресейлік «Голос. Дети» финалына шықты

Фото: https://www.instagram.com/zhasmina.tuzelova

Қазақстандық дарынды әнші Жасмина Түзелова Ресейдің әйгілі «Голос. Дети» музыкалық жобасының финалына шықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Жас орындаушы бұл қуанышты жаңалықты өз парақшасында жариялап, жанкүйерлеріне ризашылығын білдірді:

«Мен “Голос. Дети” жобасының финалына өттім! Бұл кезең – өмірімдегі ең толқытқан сәттердің бірі болды. Жекпе-жек кезеңінде тамаша қатысушылармен бірге ән айтып, нағыз музыка мерекесін сезіндім. Қолдау білдірген баршаңызға көп рақмет — алда финал!» — деп жазды ол.

Айта кетейік, Жасмина Түзелова — Қазақстанның жас дарындарының бірі. Ол бұған дейін де түрлі халықаралық байқауларда ел намысын абыроймен қорғап жүрген. «Голос. Дети» жобасының финалына шығу — оның шығармашылық жолындағы үлкен жетістік.

Финалдық кезең жақын күндері эфирге шығады. Әншінің жанкүйерлері қазірден бастап Жасминаға сәттілік тілеп, әлеуметтік желілерде қолдау көрсетіп жатыр.

Похожие материалы

Қазақстандық жас жұлдыз ресейлік «Голос. Дети» финалына шықты · Todayinfo