Қазақстанның 6 әуежайы жекеменшікке беріледі
Ұлттық жекешелендіру кеңсесі Қазақстандағы алты әуежайды жекешелендіруге арналған нысандар тізіміне қосты, деп хабарлайды Todayinfo . Билік Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан және Қызылорда әуежайларын жекешелендіруге арналған нысандар тізіміне енгізіп, оларды стратегия

Ұлттық жекешелендіру кеңсесі Қазақстандағы алты әуежайды жекешелендіруге арналған нысандар тізіміне қосты, деп хабарлайды Todayinfo.
Билік Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан және Қызылорда әуежайларын жекешелендіруге арналған нысандар тізіміне енгізіп, оларды стратегиялық инвесторларға беруге дайындап жатыр.
Сенімгерлік басқаруға беріледі деп жоспарланған әуежайлар:
- 2026 жылы – Қызылордадағы “Қорқыт Ата әуежайы” АҚ;
- 2027 жылы – “Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайы” АҚ және “Түркістан халықаралық әуежайы” АҚ.
Сонымен қатар, 2027 жылы “Павлодар әуежайы” АҚ жеке меншікке берілмек. Ал Ақтөбедегі “Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы” АҚ және “Шымкент әуежайы” АҚ бойынша жекешелендіру мерзімі көрсетілмеген. Осы екі әуежай үшін жекешелендірудің нақты түрлері де белгіленбеген.
Фото: Freepik
Похожие материалы

Новости
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Новости
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·